Қылмыс

Есірткі таратумен айналысқан студенттер

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екі студентті 6 және 11 жылға бас бостандығынан айырды, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Өткен жылы Ақтөбе қаласында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 18 жастағы екі студент ұсталған болатын. Студенттер қала көшелерінде синтетикалық есірткі салынған 22 пакетті жасырып үлгерген.

 

Ақтөбе қаласындағы колледждердің бірінде оқитын екі студент мессенджердегі  &ldquoкураторларының&rdquo нұсқауы бойынша қала көшелеріндегі жасырын жерлерге көк кристалл тәріздес ұнтақ салынған пакеттер салып қойған.

 

Студенттер ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлері колледж жатақханасының бөлмесінде тінту жүргізді, онда буып-түю материалдары, таразы және көк түсті химиялық заттар табылып,  тәркіленді.

 

&ndash Халықты тұз, спайс және темекі қоспаларын тарату бойынша курьерлерді қабылдау туралы интернеттегі ақпаратқа барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, &ndash деп атап өтті ПД қызметкері Асхат Асқаров.

 

Жасөспірімдер үшін кез-келген ақпаратты ересектермен талқылай отырып түсіну маңызды.

 

Сондай-ақ Ақтөбе облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына 8(7132) 52-19-32 сенім телефоны немесе &ldquo102&rdquoнөмірі  арқылы хабарласуға болатынын еске салады.

 

 




Көрілген: 266    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 16:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31