Қылмыс

Эстрада жұлдыздарына есірткі тасыдым деген журналист қыз сотталды

  • Көрнекі  сурет.  https://zen.yandex.ru/

    Көрнекі сурет. https://zen.yandex.ru/

Нұр-Сұлтан қалалық соты Қайрат Нұртас, Бейбіт Қорған және тағы да басқа әншілерге есірткі апарып беруге көмектескенін айтқан журналист Гаухар Мұсаға қатысты шешім шығарды. Судья оны айыпты деп танып, 3 жыл 6 айға соттады деп хабарлайды turkystan.kz.

 

Сот шешіміне сай, ол жазасын орташа қорғалған түрмеде өтейтін болды.

 

Оған осыған дейін есірткі тасымалдады деп айып тағылған еді. Алайда сот оған «есірткі табуға көмектесті» деген айыппен шешім шығарған.

 

Прокурор оны 12 жылға соттауды сұраған. Бұған дейінгі сотта Гаухар Мұса өзінің бірнеше эстрада әншісіне есірткі алуға көмектескенін айтқан еді.

 

Осыған байланысты судья істі тергеу кезінде Нұр-Сұлтан қалалық полициясы дұрыс тергеу жүргізбегенін атап өтті. Олар Мұсаның сөздері бойынша өзге тұлғаларға қатысты толық тексеру жүргізбегенін ескертті.

 

«Сот Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Мұса Гаухарға қатысты тергеу кезінде қылмыстық-процесуалдық заң өрескел бұзылғанына мән беруі керек. Қаулының екі түрі де Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры мен Мәдениет және спорт министрлігіне жіберілуі керек» деді судья Мекемтас.

 

Сонымен қатар, судья сот іс материалдарында кім екені белгісіз адамдардың аудио жазбалары сақталғанын айтып, оларға қатысты полицияның тексеру жүргізбегенін ескеріп, қаулы шығарды.

 

Өз шешімін түсіндіру кезінде судья Мұсаның бұрын сотталмағанын, жасын және басқа да факторларды ескере отырып, оған ең аз жаза мерзімі қарастырылғанын атап өтті.

 

«Мен екінші курс оқып жүргенде журналист болып жұмысқа тұрдым. 2020 жылдың басында шоу-бизнес саласындағы танымал адамдармен таныстым. Дәлірек айтсам, олар &mdash Қайрат Нұртас, Argonya (Арғын Аусаров), Амантай Әбенов, Бейбіт Қорған, Дастан Оразбеков, Қыдырәлі Болман. Олар маған «тай» дәрісін қабылдап көруді ұсынды. Үлкен қалаға жаңа келген маған мұндай адамдармен таныс болу ғажап болып көрінді. Олар өздерінің уақыты жоқ екенін айтып, менен дәрі әкелуді сұрайтын. Мен оларға көмектесіп, достарыма адалдығымды көрсетем деп ойладым. Алайда түбінде Нұр-Сұлтан қаласындағы тергеу изоляторынан бірақ шықтым», &mdash деген еді Гаухар осыған дейінгі сот отырысында.

 

Ал әнші Қайрат Нұртас пен Argonya-ның өкілдері олардың Гаухар Мұсаны танымайтындарын айтқан.

 

 Жазбаша мәтінді Ораз Әлімбеков есімді желі қолданушысы Facebook-тегі парақшасында жариялады.

 

 




Көрілген: 638    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.12.2020, 16:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31