Қылмыс

Франкфурттан ұшып келген екі адам Алматы әуежайында ұсталды

  • © Photo : Алматы әуежайы/Facebook

    © Photo : Алматы әуежайы/Facebook

Алматы халықаралық әуежайында тексеріс кезінде оқ табылған Германияның екі азаматы ұсталды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова хабарлады.

 

28 қыркүйекте көлік полицейлері 64 жастағы ер адам мен 43 жастағы әйелді ұстады. Олар Франкфурт-Алматы рейсімен келген.

 

Тексеру кезінде 30-06 миллиметр және 300 миллиметр калибрлі патрондар табылды.

 

Алматы әуежайы полиция желілік бөлімінің қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 484-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырды. Бұл бапта азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін жауапкершілік қарастырылған.

 

Әрқайсысы 10 айлық есептік көрсеткіш (29 170 теңге) көлеміндегі айыппұл төлейтін болады.

 

Дәл осы күні Алматы әуежайында 1979 жылы туған Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Ол Нұр-Сұлтанған бет алған ұшақ бортына электрошокермен кірмек болған.

 

"Қазіргі уақытта бұл құралға сот-электротехникалық сараптама тағайындалды", - деп жазылған департамент ақпаратында.

 

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 482-бабы 1-бөлігіне сәйкес ("жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы") әкімшілік хаттама толтырылды.

 

 

 

 

 




Көрілген: 551    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.09.2021, 18:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31