Қылмыс

"Гарант 24" ломбард құрылтайшысы Қазақстанға экстрадицияланды

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Кишиневте ұсталған Қазақстан азаматы Аслан Мұрзабековты Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды   Stan.kz ақпарат агенттігі polisia.kz- ке сілтеме беріп хабарлайды.

 

"30 сәуірде Қазақстан Ішкі істер министрлігі Молдова Республикасынан Мұрзабековты экстрадициялау жүзеге асырыд, ол 27 ақпанда Қазақстан ІІМ сұрауы бойынша Молдова астанасында ұсталып, Кишинев қаласының тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

 

Оны Бас прокуратура мен ІІМ-нің көмегімен Қазақстан полициясы елге қайтарды.

 

Қазір ІІМ сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Тергеу-жедел тобына барлық ІІМ департаменттерінің қызметкерлері кірді. Өңірлерде алданған салымшылар мен ұрланған қаражатты анықтау мақсатында тиісті жұмыстары жалғасуда. Хабарланғандай, зардап шеккендердің өтініштері әлі де келіп түсіп жатыр.

 

Қазіргі уақытта ішкі істер органдарына шамамен сегіз мың азамат өтініш білдірген, шығын 10 миллиард теңгеден асып түсті ( шамамен 23,2 миллион доллар).

 

Қаржы пирамидасының Ақтөбе облысында құрылғанын ескерсек, сондай-ақ, ұйымдастырушылар осы аймақта туғанын есепке алғанда, тергеу әрекеттері Ақтөбеде жүргізіледі.

 

42 күдікті адам анықталып, оның 19-ы сот санкциясымен қамауға алынып, сегіз адам іздестірілуде.

 

Тағы бір күдікті-Ысқақов А.-қаржы пирамидасының белсенді қатысушыларының бірі, Қырғызстанда жасырынып жүрген. Ол Бішкекте ұсталып, 20 сәуірде Отанына экстрадицияланды.

 

Қылмыстық істерді тергеу барысы ІІМ басшылығының ерекше бақылауында. Қаржы пирамидаларын жасаушылар мен ұйымдастырушыларға алаяқтық үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Естеріңізге сала кетейік, Аслан Мұрзабеков "Гарант 24 Ломбард" ЖШС-нің құрылтайшысы, "ЕSTATE Ломбард" и "Выгодный займ" қылмыстық ұйымдарының жетекшісі екені анықталып отыр. Ол жанындағы адамдармен бірге ондаған мың қазақстандық зардап шеккен қаржы пирамидаларын құрды деп күдіктелді.

 

 




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 17:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31