Генерал-майор Берік Біләлов бес жылға сотталды

21 тамыз 2023, 18:24

Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы генерал-майор Берік Біләлов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сот үкімі бойынша, Біләловке бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалған.

 

Сондай-ақ, ол 10 жылға мемлекеттік қызметте, сот билігінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, басқа да мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан айырылды.

 

Бұрынғы жоғары лауазымды полиция қызметкері жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтейді.

 

Сондай-ақ, сот Президент атына Біләловті "II дәрежелі Даңқ" орденінен және полиция генерал-майоры атағынан айыру туралы ұсыныс енгізді.

 

Бұған дейін генерал-майор Берік Біләловке қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқаны хабарланған болатын.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz