Қылмыс

Голливуд фильмінен кем емес: қылмыскерді ұстау сәті видеоға түсіп қалды

  • Голливуд фильмінен кем емес: қылмыскерді ұстау сәті видеоға түсіп қалды

    Голливуд фильмінен кем емес: қылмыскерді ұстау сәті видеоға түсіп қалды

Алматы облысының Қарасай аудандық полиция басқармасына Абай ауылынан қалалық ауруханаға көздің пышақ жарақатымен 30 жастағы ер адамның түскені туралы хабар келген

 

Алматы облысының полициясы ер адамның көзіне пышақ тығып алған қылмыскерді қалай ұстағанын көрсетті. Құрықтау операциясы бейнені тіркеу аппаратына жазылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Видеодан патрульдік полицияның көлікті қуып келе жатқанын көруге болады. Біршама уақыттан кейін қашып бара жатқан көлік жолдың жиегіне шығып кетеді де, аударылады. Ішінен жартылай жалаңаш ер адам басын ұстап шығады. Осы кезде полицейлер оның қолын қайырып, алып кетеді.

 

Ресми мәліметке сәйкес, Алматы облысының Қарасай аудандық полиция басқармасына Абай ауылынан № 7 қалалық ауруханаға сол жақ көздің пышақ жарақатымен 30 жастағы ер адамның түскені туралы хабар келген.

 


Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы Абай кентінің 44 жастағы тұрғынының үйінде құрылысшылар жөндеу жұмысын жүргізгенін анықтаған. Түскі уақытта жәбірленушінің танысы келді. Қолында үш бөтелке арақ болған.

 

"Барлығы бірге отырып, ішімдік ішкенде жәбірленуші мен бір құрылысшының арасында жанжал туындаған. Сол кезде Шымкент қаласынан келген 22 жастағы тұрғын пышақты жәбірленушінің көзіне тыққан. Содан бірден далаға шығып, ізін жасыру үшін қожайынының автокөлігін айдап кеткен", - дейді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

 

Құқық қорғаушылар бірден "Тосқауыл" жоспарын жариялады. Рация бойынша хабар алған "Борт 200" патрульдік полиция ротасының экипажы "Алматы-Бішкек" автожолында іздестіріліп жатқан автокөлікті көріп, ізіне түскен. Оларға “Борт 190” де көмекке келген. Қашқын полицияның талабын орындаған жоқ.

 

"Ол жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан автожолдың 36-шы шақырымында көлікке ие бола алмай, аударылып кеткен. Бұған дейін күдікті бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Қазір ол қамауға алынды. Қылмыскер 30 минуттың ішінде ұсталды", – дейді Қуанышбекқызы.


Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі және 200-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары атқарылып жатыр.




Көрілген: 297    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.06.2020, 20:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31