Сот Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтбаеваның ісі бойынша күдіктіні қамауға алуға санкция берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астана сотының ресми сайтына сілтеме жасап.
"2021 жылғы 25 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты азамат М.-ны 2 ай мерзімге, 2021 жылғы 15 шілдені қоса алғанда қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Қазіргі таңда, М. Грузия Республикасында жұмысқа орналастырамын деген сылтауымен пайдалану мақсатында А-ға қатысты мәміле жасады деп күдіктелуде, бұл абайсызда оның өліміне әкеп соққан (ҚК-нің 128-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы)", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Грузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаева жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабарланған еді.
Tengrinews.kz