Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
«Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәліметте.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.