Қылмыс

Халықты алдаған ломбард құрылтайшысы Қазақстанға экстрадицияланды

  • Халықты алдаған ломбард құрылтайшысы Қазақстанға экстрадицияланды

    Халықты алдаған ломбард құрылтайшысы Қазақстанға экстрадицияланды

Алаяқтыққа қатысы бар 42 күдікті анықталды, оның 19-ы сот санкциясымен қамауға алынды, 8 адам іздестіріліп жатыр

"Гарант 24 Ломбард" құрылтайшысы Молдовадан Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

"Қаржы пирамидасына қатысты істе басты күдікті саналатын азамат Молдовадан экстрадицияланды. 30 сәуірде Қазақстан ішкі істер министрлігі Молдова Республикасынан А.П. Мырзабековты экстрадициялады", - делінген ақпаратта.

Ол 27 ақпанда Қазақстан ішкі істер министрлігінің сұрау салуымен Молдова астанасында ұсталған болатын. Күдікті Кишинев қаласының тергеу изоляторында қамауда отырды.

Аслан Мырзабеков "Гарант24 Ломбард" ЖШС құрылтайшысы, сонымен қатар "ЕSTATE Ломбард"және "Выгодный займ" аталатын екі ұйымның қылмыстық әрекеттеріне басшылық жасаған.

Бұл компаниялар Қазақстан аумағында қаржы пирамидасын құрды, олардың алаяқтық әрекетінен ондаған мың қазақстандық зардап шекті.

Қазақстан полициясы Мырзабековты Бас прокуратура мен сыртқы істер министрлігінің көмегімен экстрадициялады.

Қазір сотқа дейінгі тергеуді ІІМ тергеу департаменті жүргізіп жатыр.

Каржы пирамидасын құрғандар Ақтөбе облысының тұрғындары және ұйымдастыру жұмысының басым бөлігі осы өңірде өткені ескеріліп, тергеу амалдары олардың қатысуымен Ақтөбе қаласында жүргізілуде.

"Аймақтық бөлімшелердегі тергеушілер қаржы пирамидасына алданып қалған салымшылар мен жымқырылған қаражат көлемін анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Қазір ішкі істер органдарына 8 мыңға жуық азамат шағымданды, шығын 10 миллиард теңгеден асады", -делінген ресми ақпаратта.

Зардап шеккендерден арыз-шағым әлі де түсіп жатыр.

Алаяқтыққа қатысы бар деген 42 күдікті анықталды, оның 19-ы сот санкциясымен қамауға алынды. 8 адам іздестіріліп жатыр.

Тағы бір күдікті А.Ысқақов – қаржы пирамидасының белсенді қатысушыларының бірі. Ол тергеуден қашып, Қырғызстан Республикасында жасырынған. Бішкекте ұсталып, 20 сәуірде Қазақстанға экстрадицияланды. Қылмыстық істі тергеу бойынша шараларды ІІМ басшылығы ерекше назарына алды.

Ломбард төңірегіндегі дау

21 ақпанда Қазақстанның бірнеше қаласында "Гарант 24" және "Estate Ломбард"салымшылары компания кеңсесіне жиналып, салған ақшасын қайтап беруді талап етті.

Артынша қаржы нарығын реттеу агенттігі аталған ломбардтар жұмысында қаржы пирамидасының белгілері бар екенін байқаған.

Ломбардтар өз қызметін өткен жылдың қазан айында бастаған. Азаматтардың мүлкі мен ақшалай қаражатын алу схемасы кеңселерді жайластыру, қызметкерлер штатын жинау және кәсіпорындардың жалған директорларын тағайындап, өңірлік өкілдіктер ашу арқылы құрылған.

Аталған ЖШС азаматтардан жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жоғары құны бойынша бөліп-бөліп сатып алған, кейіннен 3-5 ай ішінде клиенттерге мәміле сомасының бір бөлігін төлеген, ал осы уақытта қабылданған мүлікті үшінші тұлғаларға нарықтық құнынан төмен сатқан.

Бұдан басқа, компаниялар өз клиенттерінен депозит ретінде ай сайынғы сомадан 30-дан 40%-ке дейін сыйақы төлеуге уәде бере отырып, салымдар қабылдаған. Барлық ақшалай қаражат бас офиске құйылған.

Құқыққорғау органдары ломбард иелерінің әрекетінен сан соғып қалған қазақстандықтарға полицияға арыз жазуға кеңес берді.

Қаңтар айының соңында Аслан Мұрзабеков Ақтөбеден Орынборға жетіп, ол жақтан Мәскеуге ұшқан. Содан кейін пойызбен Кишиневке аттанған. Қазақстандық тараптың арнайы өтініші бойынша оны Молдова полициясы ұстады.

Ал 28 ақпанда елден кетпек болған сәтінде "Выгодный займ" ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркепов те тұтқындалды. Күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторына жабылды.




Көрілген: 520    Пікірлер: 0

жұма, 01.05.2020, 13:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31