Хромтау тұрғыны алаяққа сеніп, 10 миллион теңгесінен айырылып қалды

09 маусым 2022, 08:44

Хромтау қаласының 53 жастағы тұрғыны алаяққа алданып барлық жинаған ақшасынан айырылып қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Басылымның мәліметінше, Хромтаудың 53 жастағы тұрғынына телефон арқылы бейтаныс адам хабарласып, өзін екінші  деңгейдегі банктің қызметкері ретінде таныстырған. Сенімге кірген қаскүнем алаяқтан өз аккаунттарын қорғауды ұсынып, SMS хабарламадан кодты айтуды ұсынады. Кодты алған алаяқ әйелдің үш банк шотындағы барлық жинаған ақшасын өз картасына аударған.

 

Осылайша Хромтау қаласының тұрғыны 10 миллион теңгеге жуық ақшасынан айырылған.

 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.