Қылмыс

Интернет алаяқтар Петропавл тұрғынының 12 млн теңгесін қолды қылды

  • https://kk.unansea.com/

    https://kk.unansea.com/

Петропавл тұрғыны интернет-алаяқтардың құрығына түсіп, жиған-терген 7 млн және несиеге алған 5 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, петропавлдық әйел ұлының оқуына деп депозитке ақша жинаған. Алайда интернет-алаяқтардың арбауына түсіп, бір күнде бар қаражатынан айырылып қалды.

 

Наурыз айының ортасында оған банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін және банктің менеджерімін деп таныстырған белгісіз ер адам мен қыз хабарласқан. Олар оның атына 7 минут бұрын бөтен адамның ірі көлемде несие ресімдегенін айтып, қала тұрғынын сендірген. Алаяқтардың әрекеттерінен қорғану үшін оған «есепшотты жаңарту» қажеттігін, яғни депозиттен ақшаны алып, жаңа ашылған есепшотқа салуды ұсынған.

 

Жәбірленуші хабарласқан адамдарға көпке дейін сенбеген, банк филиалына баратынын айтқан. Алайда қылмыскерлер оны бұлай жасамауға көндіреді. Әйелге барлық қаражат қайтарылады деп уәде берген.

 

Жәбірленуші алаяқтардың нұсқауын түгел орындап, өзінің 7 млн теңгеден астам ақшасын, алған несиесін бірнеше Qiwi-әмиянның есепшотына аударып жіберген.

 

Жалпы алғанда қылмыскерлер 11 млн 865 мың теңгені қолды қылған.

 

Алданғанын білген әйел полицияға жүгінді. Бұл факті «Алаяқтық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

 

«Бүгінде «банктің қауіпсіздік қызметіненбіз» деп қоңырау шалу арқылы алдау - ең кең таралған тәсілдердің бірі. Оған қазір көбі сене бермейді, себебі адамдар киберқылмыскерлердің бұл амалы жайлы біледі.

Соған қарамастан, кейде қаскөйлер өздерінің құрбандарына психологиялық қысым жасау арқылы шеберлік танытады.

Телефон шалған жағдайда күмән туса, банк филиалына барып қана шоттың жағдайы жайлы білу керек.

Нақты банк қызметкерлері қандай жағдай болмасын, ешқашан клиенттерге телефон арқылы қаржылық операциялар жасамайды, құпия деректерді атауды талап етпейді», - дейді СҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Жұмалиев.

 

Жалпы облыста жыл басынан бері 202 интернет-алаяқтық тіркелді. Оның 52-сінде қылмыскерлер өздерін «банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкеріміз» деп таныстырған.

 

 




Көрілген: 293    Пікірлер: 0

жұма, 02.04.2021, 12:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31