Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Интимдік видеоңды жариялаймын" деп қорқытып, жасөспірім қыздан 1 млн теңге бопсалаған

26 тамыз 2020, 14:36

Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысын жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын бопсалау әрекеті бойынша арызданған.

 

Жәбірленушінің айтуынша, оның кәмелет жасына толмаған қызын маусым айынан бастап белгісіз қыз бопсалап жүрген. Яғни бопсалаушы жасөспірім қыздың интимдік бейнесін әлеуметтік желіде жариялаймын деп қорқытқан. Осыған байланысты бүгінгі күнге дейін күдікті жәбірленушілерден миллион теңге жымқырған.

 

Полиция қызметкерлері бұл жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша СДТТБТ-не тіркеді. Күдіктінің жеке-басын анықтау мақсатында Жетісай АПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

 

Нәтижесінде, полицейлер күдіктіні жәбірленушіден 120 мың теңге бопсалап жатқан жерінен ұстады. Ұсталған азамат Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Айғақты зат ретінде ақша мен бейнематериалдар тәркіленіп алынды.

 

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

 

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.