"Иіскетсең 10 мың теңгеге берем". Маньяк шал ұсталды

22 маусым 2022, 20:12

Бүгін оны полиция қызметкерлерінің ұстағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қызға қырындап, артынан қалмай қойған ересек адамның видеосы тараған еді.

 

Біз бұған дейін Теміртауда егде жастағы кісінің "10 мың теңге беремін, ана жеріңді иіскегім келіп тұр" деп айтып, жас қыздың артынан қалмай қырындаған адам туралы жазған едік. Осыған қатысты Қарағанды облысының Полиция департаменті ақпарат таратты.

 

Оқиғаға қатысушылар анықталды. Теміртау қаласының 65 жастағы тұрғынына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді, — дейді полицейлер.

 

Тапа-тал түсте осындай әркетеке барған қарт адам енді заң бойынша 60 мың теңге көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін.