Қылмыс

"Ит итті етке, бөлшектерге бөліп жатыр". Маңғыстаудағы жануарлардың төбелесі түсірілген видео жұртты шошытты

  • "Ит итті етке, бөлшектерге бөліп жатыр". Маңғыстаудағы жануарлардың төбелесі түсірілген видео жұртты шошытты

Маңғыстауда иттердің төбелескенін видеоға түсіруге қатысты жанжал шықты. Көріністі үш жыл бұрын түсіргенін айтқан видеоның авторын полия ұстады. Бірақ зооқорғаушлыра оның сөзіне сенбейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.

Автордың сөзіне сенсек үш жыл бұрын жасалған кадрлардан бетперде киген көрермендерді байқауға болады. Жануарларды қорғаушылар 2017 жылы бұл медициналық атрибут жиі қолданылмағанына сенімді. Олар иттердің төбелесі жақында өткенін айтады. Олар тіпті аймақта қанды оқиға дайындалып жатқанын білді дейді.

 
Шынында да, бір ай бұрын әлеуметтік желілерде кішкентай күшіктерді төбелеске дайындап жатқанының алғашқы кадрлары пайда болды. Содан кейін еріктілер полицияға жүгінді, бірақ ешкім жауапкершілікке тартылған жоқ. Жануарларды қорғаушылар осы жолы да ұйымдастырушылар жауапкершіліктен жалтарады деп қорқады. Полиция видеоны тағы бір рет зерттеп, түсірілімнің нақты күнін белгілеуге уәде берді.

"Неліктен 17-ші жыл, өйткені 316-бапқа сәйкес жануарларға қатыгездік жасау бойынша жауапкершілік қарастырылғанына екі жыл ғана болды.  Бір сөзбен айтқанда, онда бәрі өте жақсы, керемет. Жай спорттық жарыстар, қан жоқ, ештеңе жоқ. Бірақ біз видеоны көрдік. Біз онда қандай қорқынышты жағдайлар болып жатқанын көрдік. Онда ит итті етке, бөлшектерге, бөліктерге бөліп жатыр", - деді  "Шанс" қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Бахтеева.




Көрілген: 1231    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 10:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30