Қылмыс

Жалған көлік нөмірімен жүрген қызылордалық жылдамдықты 60 рет асырған

  • Жалған көлік нөмірімен жүрген қызылордалық жылдамдықты 60 рет асырған

    Жалған көлік нөмірімен жүрген қызылордалық жылдамдықты 60 рет асырған

Қызылордада көліктеріне жалған нөмір тағып алған жас жігіттер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордалық полицейлер көлігіне жалған мемлекеттік нөмір белгісін таққан жүргізушілерді анықтады. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

28 ақпан күні «Ваз 21210» маркалы автокөлігіне жалған нөмірді таққан Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғын анықталды. Бұл автокөлік жылдамдықты асырғаны үшін «Аркан» құрылғысына жалпы 60 мәрте түсіп қалған. Оған 1 млн 534 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, жалған мемлекеттік нөмір белгісін «Lexus NX 300» көлігіне 23 жастағы қала тұрғыны тағып алғаны белгілі болды.

«Қазіргі таңда аталған жүргізушілерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 4-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Онда жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару жағдайы көрсетілген. Әкімшілік істер Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына тиісті шешім қабылдау үшін жолданды. Көлік құралдары айып алаңына қойылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.




Көрілген: 260    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 08:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30