Қылмыс

Жамбыл облысында 26 жастағы жігіт туысын таспен ұрып өлтірді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

26 жастағы ер адам өз туысын таспен ұрып өлтірген. Отбасылық қайғылы оқиға Жамбыл облысының Талас ауданында орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Талас аудандық полиция бөліміне Қаратау қаласының тұрғыны қоңырау шалып, үйдің ауласында өз күйеуі мен оның туысының төбелесіп жатқанын хабарлаған.

 

Келеңсіз жағдайдан ер адам ауыр жарақат алып, аудандық ауруханада көз жұмған.

 

Полицейлер «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді.

 «Жәбірленушінің мекенжайына оның 1995 жылы туған туыс інісі бұрын араларында болған араздықтарын шешу үшін келіп, ұрыс көтерген.

 

Салдарынан араларындағы дау өршіп, соңы төбелеске айналған. Күдікті жәбірленуші таспен ұрып, оқиға болған жерден бой тасалаған», – деді Жамбыл облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Әбсамат Бекмұхамбетов.

 

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті алкоголь мен каннабиноидтардың әсерінен мас күйде болған.

 

Ол өз қылмысын толық мойындады.

 

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында.

 

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 591    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.07.2021, 17:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30