Қылмыс

Жамбыл облысында әкімдік қызметкері өлі күйде табылды

  • https://kaktus.media/

    https://kaktus.media/

Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы көшенің бірінен оқ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 қыркүйекте Талас ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

 

 

"Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келгеннен кейін қайтыс болған адамның атына тіркелген аңшылық мылтықтан өзіне оқ атқаны анықталды. Жеке басы туыстарының көмегі арқылы анықталды, ол жергілікті тұрғын болып шықты", - делінген ақпаратта.

 

Өзіне қол жұмсау себебін және істің мән-жайын анықтау үшін қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі ("өзін-өзі өлтіруге жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

 

БАҚ-тың хабарлауынша, қайтыс болған азамат Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінде жұмыс істеген. Берік Кемелұлы Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі болған.

 

 

 




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 17:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31