Қылмыс

Жамбыл облысында бұзақылар полицейді соққыға жығып, көлігін тартып әкеткен

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Жамбыл облысында бұзақылар полицейді сабап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Оқиға Шу қаласында болған.

 

 Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кешкі сап түзеуден қайтып бара жатқан тәртіп сақшысы Қонаев көшесінің бойында жол үстіне тұрған адамдарды байқайды. Бірнеше мәрте дабыл белгісін басып, ескерту жасайды.

 

Алайда, бұл мас күйдегі бір топ жігіттің наразылығын тудырған. Олар полицейдің өзін соққыға жығып астындағы қызметтік көлігін мініп кеткен.

 

Күдіктілер жедел іздестіріліп, ұсталды. Олар 30 жас шамасындағы Шу қаласының тұрғындары болып шықты.

 

Полицейдің қызметтік көлігі соғылған күйде табылды. Қазір келген шығын көлемі анықталып жатыр.

 

Мақсат Жаманқұлов, Шу аудандық полиция бөлімінің бастығы:

 

- Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Олардың ешқайсысы бұрын істі болмаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл әрекеті үшін олар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.10.2020, 00:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30