Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жамбыл облысында дәрігерлер оқушы қызды азғырды деген күдікке ілінді

08 тамыз 2022, 17:58

27 шілдеде Байзақ ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын екі ер адамның кәмелетке толмаған қызын азғырғанын айтып арызданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "NewTimes.kz" сайтына сілтеме жасап.

Аймақтық полиция департаментінің дерегінше, жедел-іздестіру жұмыстары кезінде сол ауданның екі тұрғыны анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.

“Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды”, - делінген ақпаратта.

Orda.kz сайтының жазуынша, күдіктілер медицина қызметкерлері болып жұмыс істейді.