Қылмыс

Жамбыл облысында учаскелік инспекторды пышақтап кетті

  • https://www.gazeta.ru/

    https://www.gazeta.ru/

Жамбыл облысында учаскелік инспекторды пышақтап кеткен күдікті ұсталды. Жараланған тәртіп сақшысының әріптестері Шу ауданының тұрғынын аз уақыт ішінде қолға түсірді.

 

Оқиға кеше түнде болған. 37 жастағы әйел «азаматтық некедегі күйеуім жанжал шығарып жатыр» деп полицей шақыртқан.

 

Қоңырау түскен бойда сол жерге учаскелік инспектор шұғыл жетеді. Тәртіп сақшысын көрген 27 жастағы жергілікті тұрғын оған пышақ ала жүгіріп, полицейдің қарны мен иығына бірнеше мәрте сұғып алған. Қансыраған инспекторды тастап қашып кетеді.

 

Дереу іздеу операциясы жарияланып, ол көп ұзамай Алға ауылында қолға түсті. Оның қылмыс жасағанда мас болғаны айтылуда.

 

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Ал отбасындағы дауға араласамын деп пышақталған учаскелік инспектор жансақтау бөлімінде жатыр.

 

Әріптестері оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 352    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 11:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30