Қылмыс

Жамбылда 4 ауылдың әкіміне жемқорлық жасады деген айып тағылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 6 айлық жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 6 айлық жұмысы қорытындыланды.

 

2020 жылдың 6 айында департамент 73 қылмыстық істі тіркеген. Оның ішінде ауыр санатында - 54, аса ауыр санатында - 1 және жедел жолмен 54 қылмыс тіркелген. Жасалған заңсыз іс-әрекеттер үшін 49 тұлға қылмыстық жауапқа тартылды.

 

Мысалы, ҚР ҚК 189-бабымен Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Сариев 6,9 млн тенге көлемінде айыппұл жазасына және аталған басқарманың бөлім басшысы Бексеитова 2 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

 

ҚР ҚК 361-бабында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Шалқарбековқа 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 

ҚР ҚК 366-бабымен Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Шу ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы Абдикалыковқа 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Жамбылда облыстық мәндегі басшыларға қатысты - 5 іс, қала мен аудан деңгейінде - 5 басшы және 4 ауыл әкіміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. 67 қылмыстық іс сотқа жолданған.


 




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 14:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30