Қылмыс

Жамбылда қойшыдан 15,5 келі марихуана тәркіленді

  • Жамбылда қойшыдан 15,5 келі марихуана тәркіленді

    Жамбылда қойшыдан 15,5 келі марихуана тәркіленді

Жамбылда 62 жастағы қойшыдан 15,5 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбылдық полицейлер «Допинг» іс-шарасы барысында есірткі қылмысының 30 дерегін анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«20 қарашада Ақыртөбе ауылының маңындағы жайылымда қой бағып жүрген Жамбыл облысының 62 жастағы тұрғыны ұсталды, одан 15 келі 500 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады және қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа Жамбыл облысында орналасқан 15 дәріхана, 18 дәрі қоймасы, 6 емдеу мекемесі, 3 өндірістік кәсіпорын тексерілді.

Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 2 келі гашиш, 22 келі марихуана, құрамында есірткі және психотроптық заттары бар 1 480 ампула тәркіледі.




Көрілген: 361    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 08:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31