Жамбыл облысында кеше түнде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тағы 26 адам ұсталып, олардан 13 қару-жарақ табылды. Ол бойынша қазір 11 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жедел-іздестіру шаралары барысында ҚР ҰҚК облыстық департаментінің қызметкерлері ұсталғандардан 7 Калашников автоматы, 3 пулеметтік тапанша, 3 пышақ, 100 оқ-дәрі тәркіленді.
Жалпы, облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың саны шамамен 2000 мыңға жуық. Бүгінде оның 400-ге жуығы полицияға жеткізілді.
Бүлік кезінде 287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42-адам ауруханаға жатқызылған.
Жедел операциялар нәтижесінде ұсталғандардың 31-і соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталғандардан 97 бірлік қару-жарақ тәркіленді. Олардың 142-іне әкімшілік іс қозғалған (110 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 9-ына айыппұл салынып, 23-іне ескерту берілген).
<iframe src="https://aitube.kz/embed/?id=7b737574-ab93-4863-919a-098ba03a2b78" class="aitube-embed" width="500" height="315" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen="allowfullscreen"></iframe>