Қылмыс

Жамбылда іздеуде жүрген 4 адам ұсталып, 20 қылмыс дерегі ашылды

  • Жамбылда іздеуде жүрген 4 адам ұсталып, 20 қылмыс дерегі ашылды

    Жамбылда іздеуде жүрген 4 адам ұсталып, 20 қылмыс дерегі ашылды

Жамбыл облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізудің 3 күні ішінде облыс бойынша іздеуде жүрген төрт адам ұсталды, бұрын жасалған 20 қылмыс дерегі ашылды. Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүрудің және сақтаудың сегіз дерегі анықталған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтсақ, шара барысында тегіс ұңғылы атыс қаруын заңсыз сақтаудың екі дерегі, жалпы салмағы 2,5 келі есірткі заттарын сақтаудың 4 дерегі, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді алып жүрудің 1 дерегі және суық қаруды алып жүрудің 1 дерегі белгілі болған.

«Нөлдік төзімділік» тәртібінде 1 921 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның 48-і отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер. Бұдан басқа, ұсақ бұзақылық үшін &ndash 211 адам, спирттік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 210 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 92 адам ЦВАиД-ға орналастырылды және 19 адам қабылдау-тарату орнына қамалды. Сондай-ақ, жолда қарсы жолаққа шығудың 5, қауіпсіздік белдігін тақпай көлік құралын басқарудың 263, жаяу жүргіншілерге жолда артықшылық бермеудің 74, жаяу жүргіншілердің жүру қағидаларын бұзудың 342 дерегі анықталды»,-делінген ведомство хабарламасында.




Көрілген: 310    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.12.2020, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31