Жамбылдық шененунік жасаған қылмысы үшін 18 жылдан кейін сотталды

29 мамыр 2022, 17:20

Жиырма жылға жуық мемлекет мүлкін туыстарына тегін таратып келген жамбылдық шенеунік 9 жылға сотталды. Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру орталығының бұрынғы директоры жалпы құны 300 млн теңге болатын 4 ғимарат пен 1 жер учаскесін заңсыз саудалаған. Бұл туралы Stan.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Прокурорлар экс-шендінің қылмысын 18 жылдан кейін ғана анықтаған. Шенеунік бұл әрекеті үшін тоғыз жылға түрмеге қамалды.

 

“Биыл 6 мамыр Тараз қаласындағы №2 cотымен Бақтыбаевтың қылмыстық кодекстің 189 бабының 4 бөлігі бойынша кінәсі дәлелденіп, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар прокурорлардың талап-арыздары негізінде атаулы объектілер сот шешімімен мемлекетке қайтарылды”, – дейді Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі Сержан Әбдіқұлов.