Қылмыс

Жаңа жыл түнінде Боснияда сегіз жасөспірімнің мәйіті табылды

  • Жаңа жыл түнінде Боснияда сегіз жасөспірімнің мәйіті табылды

    Жаңа жыл түнінде Боснияда сегіз жасөспірімнің мәйіті табылды

  • Жаңа жыл түнінде Боснияда сегіз жасөспірімнің мәйіті табылды

    Жаңа жыл түнінде Боснияда сегіз жасөспірімнің мәйіті табылды

Боснияның құқық қорғау органдары Жаңа жыл мерекесі тойланған түні сегіз адамның денесін тапты. Алдын ала болжам бойынша, жастар газға уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қайғылы оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Посушье елдімекенінде болған.

«Бір топ жас Жаңа жыл мерекесін атап өтіп жатқан үйден ешкімнің ұзақ уақыт шықпай қалғанынан күдіктенген көршілері есікті қағады. Алайда ешкім ашпаған соң, терезені бұзып ішке кіреді. Көршілері үйге кірген сәтте сегіз адамның әр жерде қимылсыз жатқанына куә болған», - деп жазады Dnevni avaz басылымы.  
Алдын ала болжам бойынша қаза тапқан жас қыздар мен бозбалалардың бәрі &ndash 2001 және 2002 жылы туған жергілікті тұрғындар. Олардың өліміне баллоннан шыққан газ себеп болуы мүмкін деген болжам айтылуда.   

Сондай-ақ, Чувашиядағы Урмар аударының Орнара елдімекенінде де 1 қаңтар түні тұрғын үй өртеніп, 6 адам, оның ішінде 3 бала қаза тапты. Аудандық әкімшілік басшысының болжамынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан шыққан. қпазіргі уақытта қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.    




Көрілген: 792    Пікірлер: 0

сенбі, 02.01.2021, 01:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31