Қылмыс

Жаңа жыл түніндегі қанды оқиға: сотталушылар не дейді (видео)

  • © Sputnik / Екатерина Чеснокова

    © Sputnik / Екатерина Чеснокова

Қарағандыда Жаңа жыл түнінде болған қанды оқиғаға қатысты тыңдау жалғасуда, басты айыпталушы тек суық қару қолданғанын мойындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Сотталушылар 293-баптың 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша кінәсін мойындамады. Ер адамдар төбелес кезінде қолдарында ешқандай зат: суық қару, таяқ немесе арматура болмағанын айтады. Айыпталушылардың бірі әлдекім көсеумен есікті жаппақ болғанын, оны алғанын айтты. Басқалары жалаң қолмен төбелестік деп отыр. Күзетші төбелескендерді ажыраттым деп ақталды.


1


Қару қолданылған төбелесті бастағандардың бірі – Нарек Гугурян: айыптау актісінде ол пышақты бірінші болып шығарғаны айтылған. Дегенмен Гугурянға қарсы іс бөлек қаралады.


Адам өлтірді деп айыпталған Юсиф Нурулу, керісінше, пышақ қолданғанын мойындады, бірақ Рахымжан Жансейтті өлтіргенін жоққа шығарды.



Сотталушылар камерадағы жазбалар өздерінің кінәсіздігін дәлелдейді деп санайды, бірақ сот жазбаларды қайта қарауды соңғы кезекке қалдыруға шешім қабылдады.


Жаңа жыл түніндегі қанды оқиға


Қарағандыда Жаңа жыл түнінде мейрамхана жанында жаппай төбелес болды. Оған қатысқандардың бірі пышақ жарақатын алып, көз жұмды. Екінші жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді.


Алдын ала мәлімет бойынша, төбелеске қонақтардың мейрамхананы жабуға қарсы шығуы себеп болған. Төбелесқұмарлар оқиға орнына достарын шақырған.


Осы оқиғадан кейін Қарағандыда наразылық толқыны басталды. Әлеуметтік желілерде төбелес ұлтаралық негізде болды деген ақпарат пайда болды. Дегенмен бұл мәліметтерді Қазақстан мен Армения билігі теріске шығарды.


Даулы іс бойынша қанша адамға айып тағылып отыр


Сотталушылар орындығында 12 адам отыр. Он үшінші күдікті Армения азаматы Нарек Гурурян Ресейден экстрадицияланады деп болжануда. Ол қанды оқиғадан кейін бірден шекараны кесіп өткен, бірақ оны жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады.


 


 


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 964    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.09.2019, 17:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31