Қылмыс

Жаназада телефон ұрлаған әйел ұсталды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Түркістан облысы полицейлері жаназаға барып, ұялы телефон ұрлаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесіне Ордабасы аудандық полиция бөлімшесінен жергілікті тұрғынының арызы келіп түседі.

 

Жәбірленушінің айтуынша, ол Қазығұрт ауданына туысының жаназасына келген, содан сол үйде отырған жерінде ұялы телефонын қалдырып кетіп, қайта үйге кірген кезде телефоны болмай шыққанын айтқан.

 

Осылайша, белгісіз тұлға жәбірленушінің “Самсунг” маркалы телефонын ұрлап, 100 000 теңгеден астам шығын келтіреді.

 

Аталған жайт Қазығұрт АПБ-мен тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша енгізілді.

 

​​​​Қазаға келіп, телефонынан айырылған әйелге көмектесіп, қылмысты ашу мақсатында полицейлер тарапынан барлық қажетті іс-шаралар іске асырылды. Ұялы телефонның жеке кодтары бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, полицейлер екі күн ішінде күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жергілікті тұрғын, егде жастағы әйел болып шықты.​​​​​​

 

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әйел иесі ұмытып қалдырып кеткен телефонды жасырын алып, сатып жіберген. Ақшасын өз пайдасына жаратқан.

 

Полицейлер жоғалған телефонды айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарды. Күдіктінің бас шарасы “қолхатта”. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.​​​​​​​​​

 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз ұялы телефондарыңызға, бағалы заттарыңызға, әмияндарыңызға барынша сақ болыңыздар деп ескертеді.

 

Қалта ұрлығына тап болмас үшін, қашанда заттарыңызды ұқыптап, аузы жабық сөмкеде ұстаңыздар.

 




Көрілген: 443    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.04.2020, 17:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31