Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жаппай тәртіпсіздікті кім қаржыландырды – күдікті ұсталды

11 сәуір 2022, 20:23

Шымкент қаласы алаңында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 52 адам анықталды. 12 арандатушы бейнежазбалардың көмегімен табылды

Шымкентте жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландырды деген күдікпен бір адам ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
 
"Шымкент қаласында жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландырды және 5 қаңтарда қала әкімдігі мен полиция департаментіне шабуыл жасау кезінде қолданылған арматураны, тастар мен Молотов коктейлдерін жеткізуді ұйымдастырды деген күдікпен "С" есімді азамат ұсталды", - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде.
 
Сондай-ақ Шымкент қаласы алаңында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 52 адам анықталды. 12 арандатушы бейнежазбалардың көмегімен табылды.


Сонымен қатар Жамбыл облысында осы жылдың 18-31 наурызы аралығында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы және жаппай тәртіпсіздіктердің 140 белсенді қатысушысы анықталды. Осы өңірдің ұйымдасқан қылмыстық тобының екі лидері қамауға алынды.


Бұған дейін жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқаны хабарланды. Олардың ішінде ең белсенділері – "Дикий Арман", "Қазақстандықтар" және "Айшуақ-Жантүгел" топтары.


Қылмыстық топтардың 23 мүшесі тұтқындалды, олардың арасында 4 қылмыс әлемінің серкесі бар.