Қылмыс

Жарты жылда 658 шенеунік жемқорлық ісі бойынша ұсталған

  • https://www.lada.kz/

    https://www.lada.kz/

Небәрі жарты жылда жемқорлық ісі бойынша 658 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында вице-министрлер, судьялар, әкімдер мен орынбасарлары бар.

 

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

Төраға Марат Ахметжановтың сөзінше, қол астындағылардың пара алуына жол берген 33 лауазымды тұлға жазаланыпты.

Олардың үшеуі қызметінен кеткен.

 

Бас-аяғы 15 миллиард теңге шығын өтеліп, бюджетке қайтарылды.

Сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың арасында бизнеске негізсіз кедергі келтіргендер мен көлеңкелі экономикаға жол ашқандар да бар.

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

 

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫ:

 

«Семей орманы қорығының бас директоры мен оның екі орынбасары басқарған қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Олар орманды санитарлық тазалауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлерден пара алу схемасын ұйымдастырған.  Сонымен бірге ерекше қорғалатын қарағай орманы заңсыз кесілген. Үш лауазымды тұлға қамауға алынып, тергелуде».

 

 

 

sn.kz




Көрілген: 1106    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 22:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30