Қылмыс

Жас қызбен қызбен киноға барғысы келген зейнеткер ақшасынан айырылып қалды

  • https://www.kp.kz/

    https://www.kp.kz/

Петропавл 65 жастағы тұрғыны желі арқылы бойжеткенмен танысып, ақшасынан айырылды. Алаяқтар оның картасындағы барлық ақшаны аударып алған деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Полицияның хабарлауынша, ер адам танысу сайттарының бірінде өзі туралы ақпарат қалдырған. Кейінірек, ол бір қызбен тіл табысып, олар хат-хабар алмаса бастаған.

 

Бір кезде жаңа танысы кинотеатрға баруға ұсыныс жасайды, сөйтіп зейнеткерге кинотеатр сайтының сілтемесін жібереді. Бойжеткен сайт арқылы киноның сеансы мен залдың уақытын брондау қажет екенін түсіндірген. Ал сайт банктік деректемелерді енгізуді сұраған, сөйтіп ер адам бар керекті деректерді көрсеткен.

 

Біраз уақыттан кейін зейнеткердің телефонына коды бар хабарлама келген, содан "кинотеатр операторы" ер адамнан келген кодты жазып жіберу керек екенін айтқан.

 

Зейнеткер бұл алаяқтардың әрекеті екенін түсінгенге дейін оның банктік картасынан 100 мың теңгеден астам қаражат жоғалып кеткен.

 

Полиция түсіндіргендей, алаяқтар "жеке тұлғаларға арналған интернет-банкинг" және "SMS-парольдерді жеткізу" қызметтері арқылы бір шоттан екінші шотқа ақша аударған.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 16:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31