Қылмыс

Жасөспірімнен ақша сұрап бопсалаған күдікті студент ұсталды

  • Жасөспірімнен ақша сұрап бопсалаған күдікті студент ұсталды

    Жасөспірімнен ақша сұрап бопсалаған күдікті студент ұсталды

Ақмола облысының 23 жастағы тұрғыны жасөспірімнен ақша талап еткені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция депаратаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қазанда Бурабай аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Щучье қаласының тұрғыны хабарласып, жергілікті колледжде оқитын 2004 жылғы студенттен сол оқу орнының студенті ақша талап ететіндігін айтты.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 23 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Бурабай аудандық ПБ тергеу бөлімі осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 194-ші бабының 1-бөлігі «Қорқытып алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары 14 жастан бастап кісі өлтіру, зорлау, қорқытып алу және басқа да ауыр қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы еске салады.

Сонымен бірге, қорқытып алушылыққа тек ақша алу мақсатында күш қолдану ғана емес, қандай да бір әшкерелейтін ақпаратты жариялау қаупі де есептелетінін ескертеді.

Осындай құқық бұзушылық әрекеттерден зардап шеккендер болса, Көкшетау қаласындағы Н.Назарбаев даңғылы, 35 мекенжайы бойынша Ақмола облысының Полиция департаментіне немесе 8 (7162) 29-10-07; 29-90-13 немесе «102» телефондары бойынша хабарласа алады.




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.10.2021, 15:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31