Қылмыс

Желіде "Қазпошта" бөлімшесінде төбелескен қыздардың видеосы тарады

  • Желіде

    Желіде "Қазпошта" бөлімшесінде төбелескен қыздардың видеосы тарады

Балқаштықтар "Қазпошта" бөлімшесінің ғимаратында төбелескен екі қыздың видеосын белсенді талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде екі қыздың төбелесіп жатқан жері түскен бейнежазба тарап жатыр. Видео сипаттамасына қарағанда, оқиға Балқаш қаласындағы "Қазпошта" бөлімшесінде болып жатыр.

 

Роликте "Қазпошта" операторы және онда тағылымдамадан өтіп жүрген қыз болып шықты. Олар не үшін жанжалдасқаны белгісіз.


"Бұл оқиға шынымен Балқаштағы бөлімшелеріміздің бірінде болды. Жанжалды стажер қыз шығарған. Ол операторға шабуыл жасаған, ал біреу оны камераға түсірген. Біз мәселені шештік. Стажер жұмысынан шеттетілді, операторға сөгіс жарияланды. Қазір барлық бөлімшелер бойынша қызметкерлермен профилактикалық әңгіме өткізіп, клиенттерге сапалы қызмет көрсету бойынша оқытып жатырмыз", - деп хабарлады "Қазпочта" АҚ баспасөз қызметі.


Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, қақтығысқа қатысушылардың екеуі де жергілікті полиция бөліміне жазбаша өтініш қалдырған.


"1983 және 1997 жылғы екі қыздың арыздары полицияда тіркелді. Мән-жай анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп атап өтті Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі.




Көрілген: 519    Пікірлер: 0

сенбі, 06.06.2020, 01:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31