Қылмыс

Желіде Семей қалалық полиция қызметкерлерінің саунадағы суреті пайда болды: Қызметтік тексеру жүріп жатыр

  • Желіде Семей қалалық полиция қызметкерлерінің саунадағы суреті пайда болды: Қызметтік тексеру жүріп жатыр

    Желіде Семей қалалық полиция қызметкерлерінің саунадағы суреті пайда болды: Қызметтік тексеру жүріп жатыр

Семейдің сауналарының бірінде түсірілген суреттер әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларда полиция бөлімінің жеке құрамы түсірілген.

Ақпаратқа құқық қорғау органдарында түсініктеме берілді. Суреттер танымал блогер Руслан Лазутаның Instagram парақшасында пайда болды.

 
Пост авторының айтуынша, суретте Семей қалалық Орталық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) басшысы, полиция майоры Сұңғатов Ришат өзінің қызметкерлерімен - учаскелік инспекторлармен бірге түскен.

Лазута фотосуреттер осы жылдың қаңтар айында карантинге және қоғамдық іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан «жаңа бастықтың лауазымын атап өту кезінде» саунада түсірілген деп жазады.

Басылымға ШҚО полиция департаментінде түсініктеме берді.

«Шынында да, әлеуметтік желілерде таратылған фотосуреттерде Семей полиция басқармасының қызметкерлері бар. Осы факті бойынша, ШҚО ДП ішкі қауіпсіздік басқармасы ресми тексеруді бастады», - деп хабарлады қорғау органдары.

Бұған дейін Атырау облысында полицейлердің есірткімен ұсталғаны туралы хабарланды. Қылмыстық іс қозғалды.

stan.kz




Көрілген: 368    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 09:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30