Қылмыс

"Желім иіскеп, мас болып қалады": Алматы облысында 7-сынып оқушылары әлімжеттік көрдік деп шағымдануда

  • "Желім иіскеп, мас болып қалады": Алматы облысында 7-сынып оқушылары әлімжеттік көрдік деп шағымдануда

Алматы облысының Шоқан ауылында сұмдық жағдай. Ата-аналар жоғары сынып оқушыларының қысымын айтып көмек сұрайды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың назарына! Алматы облысына қарасты Ескелді ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте сұмдық жағдай, деп хабарлайды 31 арна.

7- сыныптың оқушылары үлкен сыныптың балалары ақша сұрап, әлімжеттік көрсетті деп шағымданып отыр. Жәбір көрдік деген балалардың сөзінше, 10-11 сыныптың оқушылары кіші сыныптың балаларын желімге жіберіп, оны иіскеп, ойларына келгендерін жасатады екен.

"Бізді желімге жұмсап, өздері соны иіскейді. Сосын мас адам құсап жүреді. Бізді отырғызып-тұрғызып қинайды", - деді 7-сынып оқушысы.

Оның сөзін басқа құрдастары да растады. Алайда 11-сынып оқушылары кіші сынып оқушыларын қысым жасамаймыз деп ақталды. Керісінше кіші сынып оқушылары "фрифайер" ойынып ойнап, ақшасын сонда құртады деп отыр.

Шағымданған ата-ананың бірі жағдайды министрлікке дейі жеткізем деп ашынды. Баласына жасалған қысымның тоқтатылуын талап етті.

Ал, Ескелдіби ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында дүкен сатушысы "Супермонолит" желісін оқушылардың көбі сатып алады деп отыр. Алайда камера алдында ашық сұхбат беруден бас тартты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 194-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқушының ата-анасынан полицияға ресми арыз түскен жоқ. Тергеу ісі Ескелді ауданы полициясының өндірісінде және облыстық департаменттің бақылауына алынды.

stan.kz




Көрілген: 368    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 13:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31