Қылмыс

Желіні шулатқан видео: Алакөлдегі суды зерттеу мақсатында арнайы комиссия құрылды

  • Желіні шулатқан видео: Алакөлдегі суды зерттеу мақсатында арнайы комиссия құрылды

    Желіні шулатқан видео: Алакөлдегі суды зерттеу мақсатында арнайы комиссия құрылды

Мамандар Алакөлден алынған суды зертханалық зерттеуден өткізіп жатыр. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Алакөлге құбыр арқылы ағызылған жерден сынама алынып, зертханалық зерттеу жасалуда. Жақында осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі, Алматы облысы əкімдігі жəне құқық қорғау органдары мамандарынан тұратын арнайы комиссия құрылды», - деп жазады facebook парақшасында Самал Ыбыраева.


Комиссия мүшелері оқиға болған жерге келіп, судың көл жағасында орналасқан «Көктем гранд резорт» ЖШС балалар мен ересектер бассейнінен ағызылғанын анықтаған.


«Бүгінгі күні қонақүй су ағызуды тоқтатты. Ол жерде комиссия жұмыс істеуде. Су сынамасына зертханалық зерттеу (бактериологиялық, вирусологиялық жəне паразитологиялық талдау) жасалуда. Таяуда нəтижесі шығарылады», - дейді ол.


Министрліктің баспасөз хатшысы тергеп-тексерудің соңында көлге су ағызған ЖШС-ға қатысты шара қабылданатынын мәлім етті.


Еске сала кетсек, Алматы облысындағы Алакөл көліне құбыр арқылы лай су төгіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Әлеуметтік желіге тараған видео халықтың наразалығын тудырған.


ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бұл жағдайға кінәлілер жазаланатынын хабарлады.




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

сенбі, 03.08.2019, 15:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31