Қылмыс

Жеңгетайдың жолы кесілді

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қосымша ақы үшін жеңгетайлықпен айналсып, кездесулер ұйымдастырып жүрген әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді тексеру кезінде, интимдік қызмет көрсету туралы хабарландыру жарияланған сайтты байқаған.

 

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 24 жастағы  әйел адам сайт арқылы жеңгетейлықпен айналысқаны белгілі болды. Ол сайтта байланыс деректерін көрсетіп, үш әйелді тіркеп, қыздар туралы және жалға берілетін пәтерлер мен апартаменттерге шығу туралы ақпарат беріп отырған. Клиенттерден барлық тапсырыстарды өзі қабылдаған. Ал интимдік қызмет көрсететін қыздар түскен қаражатының 50  пайызын беріп отырған.

 

 

Былтыр желтоқсанның соңында «Құқықтық тәртіп» шараларын өткізу барысында 24 жастағы күдіктіге қатысты жеңгетайлық фактісі анықталды. Күдікті хабарласқан клиенттерден тапсырыстар қабылдап,   қалалық сауналардың бірінде қосымша ақы үшін интимдік қызмет көрсететін қыздарды тауып беріп отырған, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

 

Аталған факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.01.2021, 02:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31