Қылмыс

Жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшісі жауапқа тартылады

  • https://most-dnepr.info/

    https://most-dnepr.info/

Петропавлда криминалдық полиция қызметкерлері жеңгетайлық фактісін ашты, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Петропавлда СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы адам саудасына қарсы күрес тобының қызметкерлері жеңгетайлық фактісін анықтады.

 

Жедел уәкілдер сауналардың бірінде сыйақы үшін жыныстық қызмет көрсететін қыздарды шақыртуы мүмкін деген ақпарат алған. Ақпаратты тексеру барысында жұмыс орнында болған аталған саунаның әкімшісі телефон арқылы клиенттерге жыныстық қызмет көрсету үшін екі қызды шақыртқаны анықталды.

 

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

 

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығы Петр Климов айтуынша, адам саудасы мен жеңгетайлық фактісін анықтау мен алдын алу криминалдық полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер екі мақсатты көздейтін &ldquoStop трафик&rdquo жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде жұмыс істеді. Алайда, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау ЖПІШ барысымен шектелмейді, аталған жұмыс ұдайы жүргізіледі.

 

Жыл басынан СҚО полицейлері бес жеңгетайлық фактісін анықтады.

 




Көрілген: 193    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 17:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31