Қылмыс

Жеңіл жолмен пайдаға кенелем деп 1 млн теңгесінен айырылып қалды

  • Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысының полицейлері онлайн-алаяқтықпен айналысып, азаматтарға өз табысын арттыруды ұсынған екі күдіктіні ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Құзырлы органның мәліметінше, Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.

 

Айтуынша, әлеуметтік желіде белгісіз тұлғалар табысын арттыруды ұсынған. Ұсынысқа қызығушылық танытқан келіншек күдіктілердің шотына шамамен 1 млн теңге аударған. Кейіннен алаяқтар байланысын үзген деп хабарлайды ведомство.

 

Аталған жайт "Алаяқтық" бабы бойынша тіркелген. Рейд барысында жедел қызметкерлер екі күн ішінде күдіктілерді ұстаған. Олар екі жергілікті тұрғын болып шықты.

 

Нәзік жандылар әлеуметтік желілердің бірінде топ құрып, табысын арттыруға уәде беріп, сол топқа аңғал азаматтарды шақырған. Осылайша, алаяқтар тез байығысы келетін азаматтардан ақша жымқырған.

 

Қазіргі уақытта күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Полиция қызметкерлері олардың басқа да қылмысқа қатысы бар - жоғын анықтамақ.

 

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі Қазақстанда ең жиі жасалатын алаяқтық түрлері туралы айтқан еді. Тізімде "банк өкілдерінен" түсетін қоңыраулар мен Instagram арқылы сату бар.

 

Одан бөлек, онлайн-несиелерді шағын несиелік ұйымдарда заңсыз тіркеу жағдайлары да жиілеп кеткен.

 

Алаяқтар азаматтардың дербес деректерін интернет арқылы алу үшін түрлі амалдар іздейтін көрінеді.

 

 

 




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 16:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30