Қылмыс

Жетігенде бірнеше итті бауыздап, ағашқа асып кеткен

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Жануарларды қорғаушылар иттерді жауыздықпен өлтіргендерді тауып, жазаға тартуды талап етіп отыр. Белсенділердің бұлай шу көтеруіне Алматы облысының Жетіген ауылындағы жағдай себеп. Белгісіз біреулер көшеде қаңғыбас иттерді аулап, асқан қатігездікпен ұрып-соққан. Ал өлекселерін жол бойындағы ағаштарға асып кетіпті.

 

Ауыл шетінегі баққа таңсәріде серуендеуге шыққан жұрт сұмдық көрініске тап болған. Әлдебіреулер бірнеше итті бауыздап, ал өлекселерін ағаштарға асып кетіпті. Жануарлардың қиналып өлгенін өлекселерінен байқауға болады. Бірінде ұрып-соққан іздер, енді біреуінің басын бұрап тастаған.

 

Қатігездікпен өлтірілген иттерді бірінші болып балалар көріп, ата-анасына хабарлапты.

Жасыл желектің арасындағы жантүршігерлік жағдайдан соң Жетіген жұрты жауыздарды табуды талап етіп отыр.

 

Тұрғындар иттерді бір емес, бірнеше адамның жабылып өлтіргеніне сенімді. Ал жауыздар алыстан келмеген дейді. Себебі, ауылдардың барлығы карантинге жабылған.

 

Жануарларды қорғаушылар да иттерді сыммен асып кеткендердің сазайын беру қажет деп отыр.

 

Наталья Сульжик, жануарларды қорғаушы топтың еріктісі:

 

- Иттерді өлтіргендерді тауып, жазаға тартуды талап етеміз. Себебі, жануарды сонша қинағандарына қарағанда, психикалық денсаулығы дұрыс емес адамдар. Онлайларды ұстап, мәжбүрлі түрде емдеу керек. Кері жағдайда, адамдарға да зиян тигізуі мүмкін.

 

Жануарларға жәбір көрсеткендерге заңда қылмыстық жаза қарастырылған. Бірақ жануарларды қорғаушылардың айтуынша, осы күнге дейін бірде-бір адам ондай жазаға тартылмапты. Көбінесе айыппұлмен құтылып кетеді.

Мәселен, түнделетіп көшеде жүріп-тұруға тыйым салынған карантиннің өзінде осындай 10-нан астам оқиға тіркелген. Бірінде иттің тірідей терісін сыпырып алса, енді бірінде күрекпен ұрып өлтірген. Тіпті иттердің тек басы мен аяғы ғана табылған жағдайлар кездесіпті.

Бірақ бұл жолы қаніпезерлер жазасын алатын секілді.

 

Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:

 

- Қазір қылмыс жасалған орында полиция қызметкерлері арнайы топпен жедел-тергеу жұмыстарын жүргізуде. Кінәлі тұлғалар анықталатын болады. Кінәлі тұлғалар қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

Алматы қаласында да дәл осындай жағдай болған. Тұрғындардың бірі бала-шағасының көзінше итін темір арқанға асып қойған. Қиналып өлген иттің кадрлері әлеуметтік желіге тарап, жұрттың ашу-ызасын тудырған еді.

 

ktk.kz


 




Көрілген: 338    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.05.2020, 08:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31