Қылмыс

Жетісайда үш бірдей баланы қағып кеткен жүргізуші іздестірілуде

  • Жетісайда үш бірдей баланы қағып кеткен жүргізуші іздестірілуде

    Жетісайда үш бірдей баланы қағып кеткен жүргізуші іздестірілуде

14 ақпанда Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөліміне ауруханадан кәмелет жасқа толмаған үш бірдей баланың түрлі дене жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Полицейлер аталған жайт бойынша бірден тексеруге кіріскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары 14 ақпан күні сағат 17:50 шамасында Жетісай ауданындағы С.Ерубаев көшесі бойында белгісіз автокөлік иесі үш жасөспірімді қағып кетіп, жол апатына себепкер болғаны анықталды.

 16 және 13 жас шамасындағы балалар түрлі дене жарақатымен ем қабылдаса, небәрі төрт жастағы бүлдіршін ауыр дене жарақаты салдарынан жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмды.

Аталған жайт Жетісай аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және күдіктінің оқиға орнын тастап кеткені үшін ҚК-нің 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Аудан полицейлері күдіктіні анықтауға қатысты жедел іздестіруді бастады.

Оқиға орнын тиянақты тексерген тәртіп сақшылары автокөліктің артқы шамының сынықтары мен айна сынықтарын тапты. Бұл заттардың &ldquoАуди-100&rdquo маркалы автокөлікке тиесілі және көліктің түсі сұр-қара (мокрый асфальт) болуы ықтимал деп болжануда. Сол себепті, осы болжамға сәйкес Жетісай ауданында аталған маркадағы автокөліктер тыңғылықты тексерілуде.




Көрілген: 380    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 16:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30