Қылмыс

Жезқазғанда балалы әйелді қорғаған полицей пышақ жарақатын алды

  • © ТК «Регион

    © ТК «Регион

Жезқазған қаласында Пробация қызметінің қызметкері Гиа Баламамедов қаскөйден балалы әйелді арашалаймын деп жараланды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Оқиға Г. Баламамедовтың жұмыстан келе жатқан уақытында болған.


Ол мас орта жастағы ер адамның қолында баласы бар келіншекті соққыға жыққанын көреді. Кіреберістің темір есігіне соғылған әйел жерге сұлап түскен. Құқық қорғау органының қызметкері бұл жағдайға көз жұмып кете алмай, дереу әрекет еткен. Нәтижесінде, әйел құтқарылғанымен, қаскөй қылмыстық атқару жүйесінің қызметкеріне пышақ салып алған.


Қызметкер қазір Жезқазған қаласындағы Орталық аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оны өлімнен аман алып қалған.


Қылмыскерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Әділет капитаны Гиа Баламамадов - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы пробация қызметінің инспекторы. Қылмыстық-атқару жүйесінде 2018 жылдан бері еңбек етеді.


 




Көрілген: 310    Пікірлер: 0

жұма, 12.07.2019, 17:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31