Қылмыс

Жезқазғанда екі адам автобус салонында әскери адамдарды пышақтап тастады

  • Жезқазғанда екі адам автобус салонында әскери адамдарды пышақтап тастады

    Жезқазғанда екі адам автобус салонында әскери адамдарды пышақтап тастады

 Жезқазған қаласында екі адам автобусты қуып жетіп, салондағы әскери қызметкерлерге пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

29 ақпанда «Хюндай» автокөлігімен белгісіз екі азамат Жезқазған қаласынан Сәтпаевқа бет алған маршруттық автобусты «Кеңгір кенті» аялдамасында тоқтатып, салон ішіне кіріп, жанжал шығарған. Қоғамдық көлікте бұзақылар ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының екі әскери қызметкеріне пышақ салған. Пышақ жарақатын алған әскери қызметшілер ауруханаға жеткізілді, бірақ қажетті көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген.

«Жедел-іздестіру барысында Жезқазған қаласы ПБ полиция қызметкерлері Сәтпаев қаласының 32-37 жастағы екі тұрғынын ұстады. Олардан заттай дәлел ретінде пышақ тәркіленді. Аталмыш дерек бойынша ҚК 293-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, әскери қызметшілер автобустағы қызды мас бұзақыдан қорғап, оны автобустан шығарып жіберген. Соған ерегіскен ол пышақ алып, досын көмекке шақырып, қоғамды көлікті қуып жетіп, автобус салонында әскерилерге шабуыл жасаған.

 

sn.kz




Көрілген: 215    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.03.2020, 14:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31