Қылмыс

Жоғалған әйелді өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды

  • © nalogikz.kz

    © nalogikz.kz

Алматы облыстық полициясы ауылға бара жатқан жолда жоғалып кеткен Айнұр Қасымованы өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Облыстық полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 15 маусымда Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының тұрғыны өзінің әпкесі Айнұр Қасымованың ауылға қайтар жолда жоғалып кеткенін хабарлаған.


43 жастағы әйел «Митсубиси Галант» көлігіне отырғанын жақындарына телефон арқылы хабарлаған. Әйел бір хабарламасында Сағабүйен ауылы маңында көлік бұзылып, жолда өтіп бара жатқан Тойота көлігіне отырғанын жеткізген.


Бұл ақпаратты полицияға жеткізілген «Митсубиси Галант» көлігінің жүргізушісі де растады.


«Әйелді іздеуге Ақсу аудандық полициясының жеке құрамы түгел жұмылдырылды. Сонымен қатар, облыстық полиция департаментінің мамандары да тартылды. Сағабүйен мен Жансүгіров ауылдарының айналасы түгел тінтілді. Нәтижесінде 47 жастағы такси жүргізушісі ұсталды», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Ұсталған ер адам Айнұр Қасымованы өлтіргенін мойындап, мүрдені көмген жерін көрсетті.


«Мүрденің Айнұр екенін жақындары растады. Қылмыскер оны жапан далаға көміп кеткен. Адам өлтіру дерегіне байланысты сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді» - деді полиция өкілдері.


Ұсталған 47 жастағы таксист Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Ол бұрын жауапкершілікке тартылмаған.


 




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.06.2019, 14:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31