Қылмыс

Жоғарғы сот бірқатар қылмыстық іс бойынша сот актісінің күшін жойды

  • https://sud.kz/

    https://sud.kz/

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы қаралған жеті істің ішінен үш сот актісінің күшін жойып, істерді жаңадан қарауға жіберді, бір үкім өзгертілді, яғни жеңілірек жаза тағайындалып, сотталған адам күзетпен ұстаудан босатылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Е.Кимнің ісі бойынша

 

Ким 11 млн. теңгеден астам қаражатты иемденіп, ысырап еткені үшін кінәлі деп танылған (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы). Оның қарауында жас баласының болуына байланысты жазасы кейінге шегеріле отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

 

Айыптау нұсқасы бойынша, Ким бас бухгалтер болып жұмыс істей жүріп, 2018 жылдың ішінде ЖШС-нің есеп-шотынан көрсетілген ақша сомасын алып, ол бойынша есеп бермеген.

 

Алқа істі зерделей келе, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен сот тергеуі кезінде Кимнің кәсіпорын қажеттіліктері үшін қаражат жұмсағаны туралы дәлелдері назарға алынбаған деген қорытындыға келді.

 

Қорғау тарапы ЖШС үшін компьютерлер мен қосымша жабдықтардың сатып алынғаны туралы құжаттарды ұсынған. Осы тауарлардың кәсіпорын балансына түскені, кімнің және қай қаражат есебінен төленгені тексерілмеген.

 

Істе Кимнің «Эйр Астана» АҚ-ға авиабилет ақысын төлегені туралы карточкалық шотынан үзінді көшірмесі бар. Оның түсініктемесіне сәйкес, басшылықтың нұсқауы бойынша ол Испаниядан дөңгелек үстелге қатысу үшін келген спикер үшін билет сатып алған. Аудиторлық тексерулердің мәліметтері бойынша, алынған соманың ішінен ЖШС-нің кассасына кіріске алынған 4 млн. теңгеден астам қаржы бар. Бұл соманы ЖШС де ұрланған сома ретінде көрсетпеген.

 

Осы және өзге де жағдайлар сот актілерінің күшін жоюға және істі жаңадан қарауға жіберуге негіз болды.

 

Е. Голубтың ісі бойынша

 

Голубь денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру салдарынан абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырғаны үшін (ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі) 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

 

Сот үкімді прокурор мен сотталушының процестік келісімінің негізінде қабылдаған. Заң бойынша мұндай келісім сотталушы өзінің кінәсін дауламаған жағдайда ғана жасалуы мүмкін.

 

Голубь прокурормен келісім жасасу фактісін растай отырып, әкесін ағасының заңсыз әрекеттерінен қорғауға тырысқанын түсіндірді.

 

Жәбірленуші (марқұмның әйелі және сотталғанның анасы) Голубтың оны және әкесін қорғағанын айтты. Алқа Голубь іс жүзінде өзінің кінәсіз екендігін айтып дауласқандықтан, процестік келісім қолданыстағы заң талаптары бұзылып жасалған деген тұжырымға келді.

 

Баяндалған осы жағдайларға байланысты алқа сот үкімінің күшін жойды.

 

Іс жаңадан қарауға жіберілді.

 

М.Амантаевтың ісі бойынша

 

Амантаев магистралдық құбыр желісінің құбырларын ұрлауға оқталғаны үшін (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы)  сотталған. Ол 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған.

 

Алқа тергеу мен сот талқылауы барысында жәбірленуші ЖШС-нің өкілі құбырлардың құны туралы жауабын бірнеше рет өзгерткенін анықтады. Бастапқыда арызда 2 млн. теңгеден астам сома көрсетілгенімен, кейінірек ол 381 274 теңгеге дейін өзгертілген. Сот барысында шығын сомасы 1 484 610 теңге болғаны айтылды.

 

Амантаев залал мөлшерімен келіспеген. Бірақ сот осы қайшылықтардың барлығына лайықты деңгейде құқықтық баға бермеген. Қажетті сараптама да жүргізілмеген.

 

Жоғарыда айтылған жағдайларға сүйене отырып, алқа сот үкімінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді.

 

А.Нұрбаевтың ісі бойынша

 

Нұрбаев тонағаны үшін ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігі бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырылған.

 

Алқа істі зерделей келе, жазаны тағайындау кезінде ҚК-нің 55-бабы 1-бөлігінің талаптары бұзылғанын анықтады. Заңның осы нормасы бойынша ауырлығы орташа қылмыс жасалған кезде, егер келтірілген залал өтелген болса, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды.

 

Нұрбаевтың үкім шығарылғанға дейін залалды толық өтегені анықталды. Ал ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекет ауырлығы орташа қылмысқа жатады.

 

Алқа баяндалған мән-жайларға орай сот актілерін өзгертіп, Нұрбаевқа 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, оны  күзетпен ұстаудан босатты.




Көрілген: 280    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 15:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30