Қылмыс

Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадицияланды

  • Жомарт Ертаев. © Мұрағаттан алынған сурет

    Жомарт Ертаев. © Мұрағаттан алынған сурет

Қазақстан Бас прокуратурасы қызметкерлері Жомарт Ертаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Бұл туралы ведомство сайтында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Былтыр наурызда оған халықаралық іздеу жарияланған.


"Жомарт Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында қызметін пайдалана отырып BANK RBK АҚ-дан 144 миллиард теңге ұрлады деп күдікке ілінді", - деп хабарлады Бас прокуратура өкілдері.


Сондай-ақ, ведомстводағылар Ертаевпен бірге ақша жымқырды деп 54 адамнан, оның ішінде 41 топ-менеджер мен банк қызметкерлерінен күдіктеніп отыр. Олар мұның алдында экстрадицияланған Ибрагим Б., Мәженов И., Туғанбай Д., Едігенев Д., Мамырбеков А., Шарипов Т. және басқалар.


Тергеу барысында қабылданған шара нәтижесі бойынша, 15 миллиард теңге өтелді және 48 миллиард теңге тұратын мүлік тәркіленді.


"Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар іс бойынша тергеуді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр", - деп толықтырды Бас прокуратура өкілдері.


Жомарт Ертаев Астананың тергеу изоляторына қамалды.


 




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

жұма, 15.03.2019, 09:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31