Қылмыс

Жүк тасымалдаушы 43 телефонды түрмеге өткізбек болған

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Түрмеге тыйым салынған заттарды өткізбек болған қызылордалық жүк тасымалдаушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

9 шілдеде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлерімен мекемеге өтпек болған КамАЗ жүк көлігіндегі цемент салынған қаптарды тексеру барысында сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттар анықталды.

 

Жедел түрде “102” нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

 

Жүк көлігіндегі 196 қап цементтің жеті қабынан 10 және 20 грамдық шприцке нығыздалып салынған 63 дана “өзіне тән ерекше исі бар шөп тектес” затты, 43 дана ұялы телефон, 14 дана құлаққап, 33 дана зарядтау құрылғысы, 13 дана SIM-карта, 12 дана насыбай, 10 дана ойын картасы және үш литр спирттік ішімдік тәркіленіп алынды.

 

 

Тәркіленген заттар бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалды.

 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

 

 

 

 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.07.2021, 00:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30