Қылмыс

“Жұмысқа тұрғызып беремін” деп ауылдастарының 47 миллион теңгесін қалтаға басқан

  • http://old.kzvesti.kz/

    http://old.kzvesti.kz/

Түркістан облысының полицейлері жұмысқа тұрғызып беремін деп, 100-ге жуық тұрғынды алдаған күдікті әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Мақтаарал АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда оңалту орталығын жаңадан ашып жатқан танысы жұмысқа кіргізіп беремін деп алдағанын жеткізген. Содан күдікті жәбірленушіден жұмыс ақысы үшін 500 мың теңге алған.

 

Алайда, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысы болмаған, не өз ақшасын кері ала алмаған.

 

Арада бірнеше күн өткен соң жәбірленуші танысының алдап жүргенін білген. Сондықтан бірден полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тәртіп сақшылары іздестіру шаралары барысында күдіктіні жергілікті мекенжайынан анықтады. Қазіргі уақытта алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Белгілі болғандай күдіктінің бұдан басқа 97 жайтқа қатыстылығы анықталды. Олардың әрқайсысынан 300 мың-700 мың теңге аралығында ақша алып отырған.

 

Осылайша жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 47 миллион теңгеден астам.

 

Аталған жайтқа байланысты күдікті әйел қамауға алынып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау мақсатында Мақтаарал аудандық сотына жолданған.

 

Қазіргі таңда сот күдіктіні кінәлі деп танып, үш жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

 

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Сондай-ақ, қандай да бір мәмілелерді, рәсімдеу кезінде мұқият болу керектігін айтады.

 

Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, шұғыл “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

 

 




Көрілген: 828    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 17:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30