Жындыханадан қашып кеткен зорлықшы ұсталды
Елордалық тәртіп сақшылары жындыханадан қашып кеткен ер адамды ұстады. Ол зорлық жасады деген күдікке ілінген болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"9 қазан сағат кешкі 22.40-да кешенді жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті ұсталды. Ол тергеу изоляторына қамалды. Тексеріс жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Қашып кеткен ер адам танысының үйінде болған.
42 жастағы ер адам 9 қазан күні сағат 12:20-де Жансүгірұлы мен Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысындағы медициналық мекемеден қашып кеткен болатын. Ол Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 120-бабы ("Зорлау") бойынша күдікке ілінген.
Еске сала кетсек, 5 қыркүйек күні күдікті астанадағы колледж студентін зорламақ болды. Ер адамды сол білім ордасының қызметкері көріп қалып, ұстап алған. Кейін полиция шақырған.