Қылмыс

"Қан-жоса етіп сабаған": ШҚО-да түрмеден шыққан жігіт түн ішінде жеңгесін зорлап тастады

  • "Қан-жоса етіп сабаған": ШҚО-да түрмеден шыққан жігіт түн ішінде жеңгесін зорлап тастады



Шығыс Қазақстан облысында түрмеден мерзімінен ерте босап шыққан қасқөй жесір жеңгесін түнгі 4-те зорлап тастады. Күйеуі қайтыс болған келіншек бұл кезде қалың ұйқы құшағында жатыпты.


zorlady


Әпкесінің кетуін күткен қандықол ұйқыдағы әйелді ауыр затпен төмпештеп, қан-жоса етіпті. Артынша талмаусыраған жеңгесінің жан айғайына қарамастан, білгенін істеген. Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.  


Бұрын сотталған еркек есірткіге тәуелді екен. Тіпті, ВИЧ жұқтырған көрінеді. Сыртқа жанұшыра жартылай жалаңаш күйде қашқан әйел көшедегі дүкендердің бірінде бас сауғаламақ болыпты. Алайда жүзін қан жуған  келіншектен шошынған сатушы оны қуып шыққаг. Абырой болғанда оған қайырымды жан кезігіп, көмекке келген. Бірақ өлім аузынан қалған әйелге жедел жәрдем де, полицейлер де келмеген. 


"Бетіме тиген қатты соққыдан ояндым. Ол мені күштеп, өлтіремін деп қорқытып, ойына келгенін істеді. Оған күшім жетпей, қанға тұншыға бастадым. Өйткені мұрным мен аузымнан ақты. Соққыға жыққан соң, ешкімге айтпаймын деп жалындым. Оны сендіріп қашып шықтым", - дейді зардап шегуші.


Ең сорақысы миы шайқалып, денесінің бірнеше тұсы сынған келіншекке жасалған қылмыс жазасыз қалыпты. Пробация қызметінің қарауында болғанымен жүгенсіз жүрген қасқөйдің қылмысын полицейлер отбасылық-тұрмыстық дау деп жылы жапқан. Адвокаттың сөзінше, облыста мерзімінен ерте босаған осындай сотталушылар толып жүрген көрінеді. Еліміздің бас прокуратурасы мен ішкі істер министрлігіне шағым жолданғанмен, әлі жауап келмеді дейді жәбірленуші тарап өкілі. 


"Осындай қылмыскерлер қазір мерзімінен ерте шығып, қайта түрлі қылмыс жасайды. Осындай қылмыс жасағандардан жапа шеккен қанша адам бар. Өзімізге келгендер де көп. Қасқөйлерді қоғамнан оңашалау қажет деп ойлаймын", - дейді қоғамдық қор өкілі Алмат Мұхамеджанов.


 



 

 




Көрілген: 7738    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.06.2019, 20:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31